Отын-энергетикалық кешені және экология мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің Атом энергетикасы жөніндегі комиссияның отырысына Баспасөз-релизі

Ағымдағы жылдың 13 наурызында Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені және экология мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің Атом энергетикасы жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа Қоғамдық кеңестің, Министрліктің, ведомствоаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңестің мүшелерімен 2017 жылы атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске-асыру нәтижелері туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасының Атом өнеркәсібін дамыту бөлігіне өзгерістер енгізу сұрағы қарастырылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Атом энергетикасы жөніндегі комиссиямен Атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске-асыруға және Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасының Атом өнеркәсібін дамыту бөлігіне өзгерістер енгізу жұмысын жалғастыруға ұсыныстар берілді.

Жарияланған күні

15 наурыз 2018

Жаңарту күні

28 ақпан 2020

Жарияланымның авторы