«Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-БҮС-де аражабын тақталарының құлауы жөнінде баспасөз баяны

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-БҮС қазандық цехінде екі қазандықтың тоқтауымен аражабын тақталарының ішінара құлауы фактісі бойынша орын алған оқиғаның Теміртау қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтауға еш әсерін тигізбейтінін хабарлайды. Себебі ЖЭО-БҮС «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның технологиялық электр станциясы болып табылады және комбинаттың жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ғана жұмыс істейді.

Комитет, сондай-ақ, күз-қыс маусымының жалпы тұрақты түрде өтіп жатқанын, тұтынушылардың электр және жылу энергетикасымен толық көлемде қамтамасыз етіліп отырғанын қоса хабарлайды. Орын алған оқиғаны тексерумен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органы құрған комиссия айналысуда.

  •  
  •  
 
Жарияланған күні

26 наурыз 2018

Жаңарту күні

28 ақпан 2020

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты