Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 249 қаулысына пресс-релиз

  (ЖЭК жобалары үшін аукциондық бағаны индекстеу)


Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласына инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен ұлттық валютаның айырбасталатын валютадан 70%-ға, ал тұтыну бағасының индексіне (ТБИ) 30%-ға өзгерісін ескеретін аукциондық бағаны индексациялаудың қолданыстағы формуласына өзгеріс енгізілді.Осы өзгеріс ЖЭК секторының инвестициялық тартымдылығын ұлғайтады, сондай-ақ инвесторларға шетелдік валютада арзанырақ қарыздық қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді.Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларынан үзінді:«Шетелдік валютада несиелік міндеттемелері бар жобалар үшін аукциондық бағалар инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарғашаққандағы айырбастау бағамының өзгеруінескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:

Тt+1– жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген, индекстелген тіркелген тариф;

Тt– егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, соларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;

ТБИt – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі;

USDt+1– индекстеу жүргізілетін жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақпаратына сәйкес анықталған теңгенің АҚШ долларына қолданыстағы құны;

USDt– алдынғы индексациялау жүргізілген мерзімнен он екі ай  кезеңіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақпаратына сәйкес анықталып есептелген теңгенің АҚШ долларына орташа құны.».

Жарияланған күні

10 мамыр 2018

Жаңарту күні

26 ақпан 2020

Қызмет бағыты