«Экологиялық стандарттар, инвестициялар мен сауда. Қазақстан экономикасы үшін сын-тергеулер мен мүмкіндіктер»

Астана экономикалық форумы – 2018 шарасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен бірлесіп «Экологиялық стандарттар, инвестициялар мен сауда. Қазақстан экономикасы үшін сын-тергеулер мен мүмкіндіктер» тақырыбына ұйымдастырған панельді дискуссия өтті.

Сессия модераторы ретінде ЭЫДҰ Қоршаған орта басқармасының  «Жасыл өсім» және жаһандық қатынастар бөлімінің басшысыКуми Китаморибаяндама оқыды. Панельді дискуссия барысында Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және ТШСА ынтымақтастық бөлімінің басшысы, Қоршаған орта министрлігі, Германия және ЭЫДҰ-ның «Жасыл» іс-қимыл жөніндегі мақсатты тобының төрағасыЮрген Кейнхорст, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарыТимур Нұрашев,Еуропалық одақтың Қазақстандағы делегациясының энергетикалық саясат жөніндегі қызметкеріОктавиан Стамате,PwC Eurasia кеңестік қызметтерінің директорыМайкл Адамс, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ активтерді дамыту департаментінің директорыЕржан Тұтқышевбаяндама оқыды.

Панельді дискуссия аймақтық жаһанды инвестициялар мен саудаға мүмкіндік туғызатын қоршаған ортаны басқарудың заманауи жүйелері және оны реттеудің тәсілдері мәселелеріне арналды. Панельді дискуссия аясында сондай-ақ ЭЫДҰ-ға мүше елдердің Қазақстанның экологиялық саясатына тәжірибе жұмсау мүмкіндігі жөніндегі мәселелер талқыланды.

 

Жарияланған күні

18 мамыр 2018

Жаңарту күні

25 ақпан 2020