Солтүстік және Оңтүстік аймақтарға арналған жалпы қуаты 20 МВт жаңартылатын энергия көздері жобалары іріктелді

2018 жылғы 31 мамырда Солтүстік және Оңтүстік аймақтарға арналған жалпы қуаты 20 МВт су электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша бесінші аукцион өтті.

Қазақстандық компаниялардан 8 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 2-ден 10 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 50,7 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 16,71 теңге. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 16,70 теңгеден 12,8 теңгеге дейін болды. 

Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес аукцион өткізілді деп саналады. 

Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті. 

Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:

5. «Жарық Энерго» Ұлттық Энергетикалық Компания» ЖШС қуаты 8,6 МВт 12,8 теңге бағамен

6. «Бекзат» ЖШС 7 МВт-қа 13,13 теңге бағамен

7. «Толқын ЖЭС» ЖШС 2 МВт-қа 13,68 теңге бағамен

8. «Гидросервис» ЖШС 3 МВт-қа 15,19 теңге бағамен

Келесі аукцион 2018 жылғы 4 маусымда өтеді.

Анықтама ретiнде: 

Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері объектілері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаны қалыптастыруға бағытталған.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР ЭМ 21.12.2018 ж. №466 бұйрығы) ҚР Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттық графигін қалыптастырды.

ҚР Энергетика Министрлігі бекіткен аукциондық сауда-саттық графигіне сәйкес, ағымдағы жылы белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда, электр станцияларының түрлері бойынша:

• күн электр станциялары – 290 МВт;

• жел электр станциялары – 620 МВт;

• гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

• биоэлектр станциялары – 15 МВт.

«КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы болып анықталды.

 

Жарияланған күні

01 маусым 2018

Жаңарту күні

24 ақпан 2020

Қызмет бағыты