Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына арналған жалпы қуаты 5 МВт биогаз қондырғылары жобалары іріктелді

2018 жылғы 4 маусымдаҚазақстан Республикасының бүкіл аумағына арналған жалпы қуаты 5 МВт биогаз қондырғылары жобаларын іріктеу бойынша аукцион өтті.

3 компаниядан 3 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 2,4-ден 5 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 10,9 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 32,23 теңге/кВт*сағ. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 32,15 тг/ кВт*сағ.-нан 32,20 тг/ кВт*сағ. дейін болды.

Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.

Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мына қатысушы жеңімпаз болып анықталды:

  1. «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС 5 МВт-қа 32,15 тг/кВт*сағ. бағамен.

Келесі аукцион 2018 жылғы 5 маусымда өтеді.

Анықтама ретiнде:

Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері объектілері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаны қалыптастыруға бағытталған.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР ЭМ 21.12.2018 ж. №466 бұйрығы) ҚР Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттық графигін қалыптастырды.

ҚР Энергетика Министрлігі бекіткен аукциондық сауда-саттық графигіне сәйкес, ағымдағы жылы белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда, электр станцияларының түрлері бойынша:

  • күн электр станциялары – 290 МВт;
  • жел электр станциялары – 620 МВт;
  • гидроэлектр станциялары – 75 МВт;
  • биоэлектр станциялары – 15 МВт.

«КОРЭМ» АҚаукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы болып анықталды.

 

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Жарияланған күні

05 маусым 2018

Жаңарту күні

24 ақпан 2020

Қызмет бағыты