Отын-энергетикалық кешен және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің бағыттары жөніндегі Комиссияларының отырысына Пресс-релиз
Жарияланған күні: 11 маусым 2018
Жаңарту күні: 24 ақпан 2020
Көру саны:19
Ағымдағы жылдың 8 маусымында Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешен және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Комиссияларының отырыстары өткізілді (Электр энергетика және көмір бойынша комиссия, Бюджет және стратегиялық, нормативтік-құқық бағыты бойынша комиссия).
Комиссиялар отырыстарында келесі мәселелер қарастырылды:
- Стратегиялық жоспардың және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талқылау (Бюджет және стратегиялық, нормативтік-құқық бағыты бойынша комиссия);
- Министрліктің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының жобасын және 2019-2021 жылдарға бюджеттік бағдарламаны талқылау (Бюджет және стратегиялық, нормативтік-құқық бағыты бойынша комиссия);
- «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ-тың еңбек ардагерлерінің жүгінулерінде көрсетілген сұрақтар және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды ұзарту туралы есепті тыңдау (Электр энергетика және көмір бойынша комиссия);
- «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ-тың жобалық құжаттарына өзгерістер енгізу бойынша есепті тыңдау (Электр энергетика және көмір бойынша комиссия).
Талқылау қорытындылары бойынша Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне қарастырылған мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсынымдар берілді.

Жарияланған күні
11 маусым 2018
Жаңарту күні
24 ақпан 2020
Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты