Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы халықаралық шартты (ЯСЖТШ) қолдауға бағытталған «Ядролық сынақтардың және олардың зардаптарының мониторингі» Х Халықаралық конференциясы

2018 жылғы 6 тамызда Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы халықаралық шартқа (ЯСЖТШ) қолдау көрсету мақсатында «Ядролық сынақтардың және олардың зардаптарының мониторингі» атты X Халықаралық конференциясы өтті. Конференция Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының базасында өткізілді.

Конференцияның мақсаты - Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне енуін және Ядролық қауіпсіздік жөніндегі басқа да Шарттар мен Келісімдерді орындау үшін ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады.

Конференцияның жұмысына ҚР ЭМ-нің өкілдері және ядролық сынақтарды бақылау жүйелері мен әдістерін дамыту және оларды одан кеңінен қолдану саласы бойынша белгілі ғалымдар мен мамандар қатысты.

Конференцияда бірнеше бағыттар бойынша баяндамалар ұсынылды:

1. ЯСЖТСШ бақылау жүйелерінің шұғыл даярлығын жақсарту ;

2. Тіркелетін оқиғалардың зерделеу тиімділігін арттыру;

3. Ядролық жарылыстардың салдарын зерттеу және Жергілікті инспекция.

 

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Жарияланған күні

06 тамыз 2018

Жаңарту күні

17 ақпан 2020