ЖЭК аукциондық сауда механизмін енгізу жөніндегі семинарға шақыру

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО»  ЖШС-мен бірлесіп жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі - ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша күзгі аукциондық сауда өткізуге дайындық мақсатында жергілікті атқарушы органдар, өңірлік электр желілік компаниялар, «KEGOC» АҚ (жүйелік оператор), «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ (аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушы) және басқада мүдделі ұйымдар өкілдерінің қатысуымен әлеуетті инвесторлар үшін ЖЭК аукциондық сауда өткізу қағидалар мен тәртібін түсіндіру үшін семинар өткізеді.

Семинар кестесі: 11 қыркүйек – Астана қ.,

Семинардың тақырыбы: ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық тетігін енгізу.

Қызығушылық танытқан жағдайда, өткізілетін семинарға дейін 2 күн бұрын өз кандидатураларыңызды (екі адамнан артық емес) r.bulekbayeva@energo.gov.kz және a.shyrlanov@energo.gov.kz электронды мекенжайларына жолдау арқылы жолдауыңызды сұраймыз.

Барлық туындаған мәселелеріңіз бойынша келесі телефон нөмірлеріне жүгінулеріңізді сұраймыз: 8-(7172)-74-08-98, 74-08-38, 74-38-66

Өңірлік семинарлар бағдарламасының жобасы

Өткізу күні: 11 қыркүйек

Өткізу орны: Астана қ., Тәуелсіздік 59.

Қатысушыларды тіркеу 14.30 – 15.00

15.00 – 15.10

ҚР Энергетика министрлігі атынан алғашқы сөз

15.10 – 15.30

ҚР-да ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда ұйымдастыру мен өткізудің заңнамалық негізі (ҚР ЭМ, әкімдік, АЭК және «KEGOC» АҚ)

- энергия жүйесінің жалпы сипаттамасы

- ЖЭК-ң ресурстық әлеуеті

- ЖЭК секторы дамуының стратегиялық мақсаттары

- аукциондық сауда механизмін еңгізудегі заңнамалық бастамалар

- аукциондық сауда өткізу кестесі

- жер телімдерін беру

- электр жүйелеріне қосу

15.30 – 15.50

ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда ұйымдастыру («КОРЭМ» АҚ)

- өтініш берушілерді біліктілік іріктеу

- аукциондық сауда қатысушыларын тіркеу және қатысушы мәртебесін алу

- сауда күні жүйесі

- өтініш беру ерекшелігі

- баға белгілеу ерекшеліктері

- аукциондық сауда-саттық нәтижелерін жариялау

15.50 – 16.10

Аукциондық сауда-саттықты өткізу («ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС)

- қатысуға қаржылық қамтамасыз ету

- РРА шарт жасасу

- ЖЭК ЭЭ орталықтандырылған сатып алу және сату

16.10 – 17.20

Сұрақ-жауаптар сессиясы

17.20 – 18.00

Әлеуетті инвесторлармен екіжақты кездесулер

 

Жарияланған күні

11 қыркүйек 2018

Жаңарту күні

17 ақпан 2020