2019 жылдың 1 жартыжылдығында өтініштердін қарау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде

2019 жылдың 1 жартыжылдықта келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2019 жылдың 1 жартыжылдықта Министрліктің «Азаматтардың өтініштері» базасына барлығы 818 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 343 және заңды тұлғалардан - 475.

2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 232 бірлікке, немесе 28 % бірлікке өсті.

Жоғары тұрған ұйымдардан 127 өтініш қайта жолданды, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігі – 38, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 58,
ҚР Парламенті – 31.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар беріледі.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:

  • Энергетика, энергиямен жабдықтау және электротехника мәселелері
    – 25 %;
  • табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату – 19 %;
  • жер қойнауын пайдалану - 18 %;
  • газбен жабдықтау – 13 %;
  • мұнай және мұнай-газ өнеркәсібі – 11 %;
  • еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету - 5 %;
  • басқа – 9 %.

 

Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына:  8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.

Жарияланған күні

13 ақпан 2020

Жаңарту күні

13 ақпан 2020

Қызмет бағыты