2019 жылдың 1 тоқсанында өтініштерді қарау бойынша ақпарат
Көру саны:6
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2019 жылдың 1 тоқсанында келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2019 жылдың 1 тоқсанында Министрліктің «Азаматтардың өтініштері» базасына барлығы 394 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 171 және заңды тұлғалардан - 223.
2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 99 бірлікке, немесе 25 % бірлікке өсті.
Жоғары тұрған ұйымдардан 69 өтініш қайта жолданды, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігі – 21, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 33,
ҚР Парламенті – 15.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар беріледі.
Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:
- Энергетика, энергиямен жабдықтау және электротехника мәселелері
– 27 %; - табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату – 20 %;
- жер қойнауын пайдалану - 19 %;
- газбен жабдықтау – 11 %;
- мұнай және мұнай-газ өнеркәсібі – 10 %;
- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету - 4 %;
- басқа – 9 %.
Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына: 8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.
13 ақпан 2020
13 ақпан 2020