2018 жылдың 9 айында өтініштерді қарау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде

2018 жылдың 9 айында келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2018 жылдың 9 айында Министрліктің «Азаматтардың өтініштері» базасына барлығы 837 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 372 және заңды тұлғалардан - 465.

2017 жылдыңұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 197 бірлікке, немесе 30,7% бірлікке өсті.

Жоғары тұрған ұйымдардан 160 өтініш қайта жолданды, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігі – 55, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 70, ҚР Парламенті – 35.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар беріледі.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:

  • жер қойнауын пайдалану - 23 %;
  • энергетика, энергиямен жабдықтау және электротехника – 20 %;
  • табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату –16 %;
  • газбен жабдықтау – 9 %;
  • мұнай және мұнай-газ өнеркәсібі – 8 %;
  • мемлекеттік құрылымның жалпы мәселелері – 6 %;
  • еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету -3 %;
  • басқа – 15 %.

 

Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына:  8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.

Жарияланған күні

13 ақпан 2020

Жаңарту күні

13 ақпан 2020

Қызмет бағыты