2018 жылдың 1 тоқсанда өтініштерді қарау бойынша ақпарат
Көру саны:9
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2018 жылдың 1 тоқсанда келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2018 жылдың 1 тоқсанды Министрлікке - 295 өтініш келіп түсті, соның ішінде 117-і – жеке тұлғалар, 178-і – заңды тұлғалардаң келіп түсті.
Олардың ішінде – 53 % құрайтын, 157 өтініш Электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы жолданды.
Жоғары тұрған ұйымдардан 42 өтініш жолданды: ҚР Президент Әкімшілігінен – 12; ҚР Премьер-Министр Кеңсесінен – 20;
ҚР Парламентінен – 10.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар беріледі.
Өтініштердегі мәселелердің сипаты бойынша талдау олардың көп бөлігі мына мәселелерді қозғайтынын көрсетіп отыр:
- Жер қойнауын пайдалану мәселелері - 28 %;
- Энергетика, энергиямен жабдықтау және электротехника – 18 %;
- Табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату -18 %;
- Газбен жабдықтау – 11 %;
- Мұнай және мұнай-газ өнеркәсібі – 8 %;
- Мемлекеттік құрылымның жалпы мәселелері – 5 %;
- Еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету -3 %;
- Басқа – 9 %.
Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына: 8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.
13 ақпан 2020
13 ақпан 2020