2017 жылдың 9 айында өтініштерді қарау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде

2017 жылдың 9 айында келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2017 жылдың 9 айында Министрлікке - 640 өтініш келіп түсті, соның ішінде 268-і – жеке тұлғалар, 372-і – заңды тұлғалардаң келіп түсті.

Олардың ішінде – 40 % құрайтын, 259 өтініш Электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы жолданды.

Жоғары тұрған ұйымдардан 126 өтініш жолданды: ҚР Президент Әкімшілігінен – 37; ҚР Премьер-Министр Кеңсесінен – 63;
ҚР Парламентінен – 26.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар беріледі.

Өтініштердегі мәселелердің сипаты бойынша талдау олардың көп бөлігі мына мәселелерді қозғайтынын көрсетіп отыр:

  • Жалпы мемлекеттік басқару мәселелері – 26 %;
  • Энергетика, энергиямен қамтамасыз ету және электротехника – 23 %;
  • Табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық
    қауіпсіздік, соңымен қатар тұрмыстық қалдықтарды өңдеу – 20 %;
  • Мұнай және мұнай-газ өнеркәсібі – 9 %;
  • Еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру – 8 %;
  • Газбен қамтамасыз ету – 8 %;
  • Басқа – 6 %.

 

Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына:  8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.

Жарияланған күні

13 ақпан 2020

Жаңарту күні

13 ақпан 2020

Қызмет бағыты