2016 жыл бойынша өтініштерді қарау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде

2016 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2016 жылда Министрлікке - 816 өтініш келіп түсті  және қаралды (өтініштер көшірмелердің 100 бірлігі және өтініштерді қараусыз қалдыру бойынша ходатайстваларды 10 бірлігін қоспағанда), олардың ішінде 390-і – жеке тұлғалардың, 426-і – заңды тұлғалардың өтініштері.

Жоғары тұрған ұйымдардан 187 өтініш жолданды, олардың ішінде:

- Президент Әкімшілігінен – 84;

- Премьер-Министр Кеңсесінен – 70;

- ҚР Парламентінен – 33.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.

Өтініштердегі мәселелердің сипаты бойынша талдау олардың көп бөлігі мына мәселелерді қозғайтынын көрсетіп отыр:

  • Жалпы мемлекеттік басқару мәселелері – 44 %;
  • Табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық
    қауіпсіздік –24 %;
  • Еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру – 11 %;
  • Энергиямен қамтамасыз ету – 9 %;
  • Газбен қамтамасыз ету – 6 %;
  • Мұнай – 6 %.

 

Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына:  8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.

Жарияланған күні

13 ақпан 2020

Жаңарту күні

13 ақпан 2020

Қызмет бағыты