2016 жылдың 1 жартыжылдық бойынша өтініштерді қарау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2016 жылдың 1 жартыжылдық бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпараты

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2016 жылдың 1 жартыжылдығында Министрлікке 452 өтініш келіп түсті және қаралды, олардың ішінде 220-і – жеке тұлғалардың, 232-і – заңды тұлғалардың өтініштері.

Жоғары тұрған ұйымдардан 113 өтініш жолданды, олардың ішінде:

- Президент Әкімшілігінен – 54

- Премьер-Министр Кеңсесінен – 48

- ҚР Парламентінен – 11.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.

Өтініштердегі мәселелердің сипаты бойынша талдау олардың көп бөлігі мына мәселелерді қозғайтынын көрсетіп отыр:

  • Табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық қауіпсіздік –23%
  • Жалпы мемлекеттік басқару мәселелері – 60 %
  • Еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру – 11 %
  • Өзге де – 6 %.

 

Жарияланған күні

13 ақпан 2020

Жаңарту күні

13 ақпан 2020

Қызмет бағыты