2016 жылдың 1 тоқсаны бойынша өтініштерді қарау бойынша ақпараты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2016 жылдың 1 тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ақпараты

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2015 жылдың 1 тоқсаны бойынша Министрлікке 201 өтініш келіп түсті және қаралды, олардың ішінде 87-і – жеке тұлғалардың, 114-і – заңды тұлғалардың өтініштері.

Жоғары тұрған ұйымдардан 45 өтініш жолданды, олардың ішінде:

- Президент Әкімшілігінен – 26

- Премьер-Министр Кеңсесінен – 16

- ҚР Парламентінен – 3.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.

Өтініштердегі мәселелердің сипаты бойынша талдау олардың көп бөлігі мына мәселелерді қозғайтынын көрсетіп отыр:

  • Табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық қауіпсіздік –18 %
  • Жалпы мемлекеттік басқару мәселелері – 76 %
  • Еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру –6 %
Жарияланған күні

13 ақпан 2020

Жаңарту күні

13 ақпан 2020

Қызмет бағыты