ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің 5-ші отырысына қатысты.
Жарияланған күні: 08 желтоқсан 2018
Жаңарту күні: 12 ақпан 2020
Көру саны:14
2018 жылғы 7 желтоқсанда ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің 5-ші отырысына қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер әлемдік мұнай нарығының балансын сақтау және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің ағымдағы қоймалық қорын бес жыл ішіндегі орташа деңгейде ұстап тұру мақсатында 2019 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылдың 6 айына мұнай өндіру көлемін шектеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Бұл шешім ОПЕК-ке мүше елдердің «қара алтынды» өндіру көлемін тәулігіне 1,2 млн баррелге немесе әрбір ел үшін 2-ден 2,5%-ға дейін (ОПЕК елдері үшін 800 мың баррелге, ОПЕКемес елдер үшін 400 мың баррелге) төмендетуді көздейді.
Жарияланған күні
08 желтоқсан 2018
Жаңарту күні
12 ақпан 2020
Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты