2019 жылда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде

2019 жылда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2019 жылда Министрліктің «Азаматтардың өтініштері» базасына барлығы 1373 өтініш (соның ішінде 10 бейнеөтініш) келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 604 және заңды тұлғалардан - 769.

2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 195 бірлікке, немесе 14 % бірлікке өсті.

Жоғары тұрған ұйымдардан 222 өтініш қайта жолданды, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігі – 95, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 83,
ҚР Парламенті – 44.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне заңнамада белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:

  • Энергетика, энергиямен жабдықтау және электротехника мәселелері
    – 28 %;
  • жер қойнауын пайдалану - 17 %;
  • газбен жабдықтау – 14 %;
  • мұнай және мұнай-газ өнеркәсібі – 12 %;
  • табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату – 12 %;
  • еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету - 5 %;
  • басқа – 12 %.

 

Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына:  8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.

Министрлік басшылығының жеке қабылдауына жазылу үшін мына:8 (7172) 78-68-08 телефон арқылы Ақжайық Барлыбайқызы Ахметжановаға хабарласыңыздар.

Жарияланған күні

08 қаңтар 2020

Жаңарту күні

08 қаңтар 2020

Қызмет бағыты