Мемлекет басшысы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады
Жарияланған күні: 19 желтоқсан 2019
Жаңарту күні: 24 желтоқсан 2019
Көру саны:7

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды.
Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Жарияланған күні
19 желтоқсан 2019
Жаңарту күні
24 желтоқсан 2019
Жарияланымның авторы