Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 1-ші отырысының Баспасөз-хабарламасы

2019 жылғы 28 ақпанда ҚР Энергетика вице-министрі Б.О. Ақшолақовтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 1-ші отырысы өтті.

Аталған отырысқа ҚР Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «KAZENERGY» қауымдастығының жұмыс берушілері мен қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің, салалық кәсіподақтардың, сондай-ақ мұнай-газ кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Салалық комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Б.А. Маханов Салалық комиссияның 2018 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасының орындалуы және Салалық комиссия құрамының өзгеруі туралы баяндады. Сондай-ақ ҚР ҰКП Президиумының Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Т.К. Доскенов, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ж. Ахмурзина, сондай-ақ Салалық кәсіподақтардың басшылары сөз сөйледі.

Салалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша бірауыздан мынадай ШЕШІМДЕР қабылданды:

 1) «2019 жылға арналған мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссия жұмысының негізгі бағыттары» бекітілді.

2) Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссия туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

3) Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларында 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілді.

Салалық келісім – әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты 2020 – 2022 жылдардағы экономикалық қатынастарды және оны іске асырудың бірлескен іс-қимылдарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша әлеуметтік әріптестік тараптарының келісілген ұстанымдарын айқындайтын негізгі құжат.

4) 2019 жылға арналған «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбында көшпелі семинар-кеңестер өткізу графигі бекітілді.

2017 және 2018 жылдары Министрлік «KAZENERGY» қауымдастығы және мұнай-газ саласының салалық кәсіподақтарымен бірлесіп, мұнай өндіруші өңірлерде Салалық келісімнің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша облыстық әкімдіктер өкілдерінің, жұмыс берушілердің және мұнай-газ саласы қызметкерлері өкілдерінің қатысуымен бірқатар семинар-кеңестер өткізді. Аталған шешімдерді қабылдау әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарына оң әсерін тигізетінін және республиканың мұнай-газ саласындағы еңбек ұжымдарындағы жағдайды жақсартады.

Айта кету керек, мұнай-газ саласының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша әлеуметтік серіктестер жүргізетін жұмыстар капиталдың, жалдамалы еңбек пен мемлекеттің қарама-қарсы көзқарастарын үйлестіре білу, ымыраға келу және қайшылықтарды бейтараптандыру.

Отырыс соңында Салалық комиссия төрағасы, ҚР Энергетика вице-министрі   Б.О. Ақшолақов әлеуметтік серіктестік тараптарына ұйымшылдығы мен нәтижелі жұмысы үшін алғысын білдірді.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Жарияланған күні

28 ақпан 2019

Жаңарту күні

19 желтоқсан 2019

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты