ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ МЕН АҚШ ЭНЕРГЕТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ЖОҒАРЫ БАЙЫТЫЛҒАН УРАНДЫ БАРЫНША АЗАЙТУ ТУРАЛЫ БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕСІ ЖӨНІНДЕГІ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Вена, Аустрия

Ядролық қатерді төмендету жөніндегі жаһандық бастама шеңберінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында зерттеу реакторларын конверсиялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жұмыстардың негізгі мақсаты – зерттеу реакторларын төмен байытылған уран отынына ауыстыру арқылы ядролық материалдарды таратпау.
Жобалар АҚШ ұйымдарымен бірлесіп іске асырылуда, олар осы күрделі міндеттерді орындайтын Қазақстан ұйымдарының ғылыми-техникалық әлеуеті мен біліктілігінің жоғары деңгейде екендігін атап көрсетті.
Жобаны іске асыру маңыздылығын ескере отырып, АЭХА Бас конференциясының 63-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев пен АҚШ Энергетика департаменті министрдің ядролық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары және Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің әкімшісі Лиза Э. Гордон-Хагерти Қазақстан Республикасында жоғары байытылған уранды кәдеге жарату бойынша бірлескен жұмыс жоспарлары туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Аталған іс-шараның аяқталуы әлемдік қауіпсіздікті күшейтеді және Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастаған бейбіт мақсатта даму бағытын растайды.
Естеріңізге саламыз, 2019 жылдың 16-20 қыркүйегі аралығында ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Вена қаласындағы (Аустрия) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас конференциясының жыл сайынғы 63-ші сессиясына қатысып жатыр. Қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ-ның өкілдері бар.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Жарияланған күні

17 қыркүйек 2019

Жаңарту күні

17 қыркүйек 2019

Жарияланымның авторы