Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы №315 бұйрық
БҰЙЫРАМЫН:
- «Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы
9 ақпандағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13470 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларында:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13458 болып тіркелген,
2016 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті органға жеке және заңды тұлғалар жіберетін есептер осы Қағидаларға 1-10 қосымшаларға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар түрінде ресімделеді (бұдан әрі - нысандар).
Нысандарды толтыру кезінде осы Қағидалардың 11-қосымшасында келтірілген операциялар коды пайдаланылады.
Жеке және заңды тұлғалармен қағаз және электронды тасымалдаушы нысандары мұқабалық хатпен бірге уәкілетті органға жіберіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейін (қоса алғанда) сәулелену кездерінің меншік иесі болып табылатын және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф1-ИСК нысаны) радионуклидті мәлімет және (немесе) радиоизотопты аспаптардың тізбесін; және (немесе);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф2-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың тізбесін; және (немесе);
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф3-НГ нысаны) нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің тізбесін жібереді.
Егер есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалар сәулелену көздерін алса немесе берсе уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф4-ИСК нысаны) радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотопты аспаптардың орын ауыстыруы туралы есеп, және (немесе);
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф5-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың орын ауыстыруы туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф6-НГ нысаны) нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің орын ауыстыруы туралы есеп жібереді.
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф2-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың тізбесін есеп беру кезеңінде егер бар саны туралы ақпарат жаңартылған жағдайда ұсынылады.».
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
- осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Министрдің м.а. |
|
М. Досмухамбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 01.10.2019
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 19430 болып енгізілді
6
07 қазан 2019 00:00
01 қазан 2019