Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының 13) тармақшасына, «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «АЗИЯГАЗ ЧУНДЖА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «АЗИЯГАЗ ЧУНДЖА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) ұсынысы қабылдансын.
- Серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
|
|
|
49
Жарияланған күні
28 қараша 2023 15:12
Жаңарту күні
28 қараша 2023
Түрі
Бағыттар