«Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» - Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов