"Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17956 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шектітарифтеросы бұйрыққақосымшағасәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың1)және2) тармақшаларындакөзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков
docNumber

V2200028658

Жарияланған күні

01 шілде 2022 00:00

Жаңарту күні

01 шілде 2022

Түрі