Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2022 жылғы 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
|
Б. Акчулаков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
25
15 наурыз 2022 14:46
15 наурыз 2022