«Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 169 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18684 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағаларында:
мынадай мазмұндағы 13, 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
«
|
13. |
Нұр-Сұлтан қаласы |
26 001 (жиырма алты мың бір) |
|
14. |
Қарағанды облысы |
26 001 (жиырма алты мың бір) |
|
15. |
Ақмола облысы |
26 001 (жиырма алты мың бір) |
».
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгаз-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы
13 мамырдағы № 169 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2019 жылғы _______№ __ бұйрығына
САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
|
№ Р/с
|
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
«Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 169 бұйрығына |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1. |
Көрсетілген бұйрықтың тақырыбына өзгерістер енгізілсін |
Ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы |
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларын бекітеді.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2. |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2019 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 30 маусымына дейінгі кезеңге арналған шекті бағалары (бұдан әрі-шекті бағалар) 13,14 және 15-тармақтармен толықтырылсын
|
|
|
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа бесінші бастамасының (2018 жылғы 5 наурыздағы) тапсырмаларын орындау бойынша, «Сарыарқа» магистральды газ құбырын салуды ескере отырып, газға баға белгілеу мәселелері бойынша Жол картасының II бөлімін іске асыру мақсатында (шығыс: 2019 жылғы 28 қарашадағы №17-14/07-807(2-т) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. В. Склярдың тапсырмасы бойынша (бұйрықтың жобасына қоса беріледі) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 169 бұйрығымен бекітілген шекті бағалардың қолданыстағы редакциясын жаңадан газдандырылған өңірлермен (Нұр-сұлтан қаласы, Ақмола облысы және Қарағанды облысы) толықтыру көзделген. ҚР ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығымен (МТН - 10120) бекітілген «Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Ереженің 5 және 6-тармақтарына сәйкес есептелген. (Тауарлық газды тасымалдау бойынша бағалар мен шығыстардың орташа өлшемді мәндері бойынша есеп айырысулар бұйрық жобасына қоса беріледі).
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
28
17 сәуір 2020 00:00
17 сәуір 2020