«Қазақстан Республикасының уран өндіру кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының уран өндіру кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасының уран өндіру кен орындарын әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19232 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының уран кен орындарын әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 183-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының уран кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ереже бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының уран өндіру кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
26
13 мамыр 2021 00:00
13 мамыр 2021