Телтаев Ержан Берікұлы
Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Телтаев Ержан Берікұлы 1984 жылы 14 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық аграрлық университетін "Ветеринарлық іс" мамандығы бойынша бітірген. Екінші жоғары білімді "Экономика" мамандығы бойынша алды.
Мансап
06.06.2011–14.09.2011 жылдары – «Евгенемаловодный селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы – мал дәрігерінің міндетін атқарушысы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.
14.09.2011–05.03.2014 жылдары – «Евгенемаловодный селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы – мал дәрігері, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.
05.03.2014–03.06.2015 жылдары – «Евгенемаловодный селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.
03.06.2015–03.09.2021 жылдары – «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылы.
2021 жылғы 3 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің орынбасары, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылы.