Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Инклюзия департаменті директорының орынбасары, C-2 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

596878

Жалпы біліктілік талаптары

   С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Денсаулық сақтау
  • Дефектология
  • Құқық және экономика негіздері
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Әлеуметтік педагогика

Функционалды міндеттер

Департамент жұмысының стратегиялық бағыттарын айқындау мәселелері бойынша департамент қызметіне жалпы басшылық жасау, мүгедектігі бар адамдар үшін инклюзивтік қоғамды дамыту және оңалту саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге басшылық жасау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру, Департамент құзыреті мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мүгедектігі бар адамдар үшін инклюзивтік қоғамды дамыту және оңалту мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету. Министрліктің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі министрліктер мен ведомстволармен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара ісқимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.06.2026 – 19.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 мб

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)742972