Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Заң қызметі департаменті құқықтық сараптама және талдау басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Астана қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда, келісу жолымен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу, Парламентте заң жобаларын талқылауға қатысу, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Кеңсесінде депутаттар бастамашы болған заң жобаларына енгізілген депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытынды жобалары бойынша жұмыс тәртібінде жобаларды жетілдіру, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің өкімдерін әзірлеуге қатысу. Заң жобалары бойынша ведомствоаралық комиссия отырыстарына құжаттарды дайындау, Қазақстан Республикасының Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларына тиісті заң жобаларын енгізу бойынша іс – шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Құрылымдық бөлімшелер әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жай - күйіне талдау жүргізу, Министрліктің қызметкерлері үшін оқыту материалдарын дайындау. Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру. Құрылымдық бөлімшелерінің аналитикалық анықтамаларын ұсыну қорытындысы бойынша талдау жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
87172742972