Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593737

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Инженерия және инженерлік іс

Қосымша талаптар

физика-информатика

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және талдау басқармасының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі мен талдауы жөніндегі жоспарларды әзірлеу және орындау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі мен талдау әдіснамасын әзірлеу және тұрақты жақсарту, Министрліктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде көрсетілетін қызметті беруші қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты талдау, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының және басқа да мүдделі тараптардың басшылығымен үйлестіру мемлекеттік қызметтер мониторингі және талдау шеңберінде, Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін арттыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді басқару, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұсыныстары негізінде Басқарма құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді басқару, басқарма қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу мен енгізуді басқару, хат-хабарларды қарау, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, сөз сөйлеулерді, мақалаларды дайындауды басқару және өзге де басшылық жүктеген өкілеттіктер.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.01.2026 – 02.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

87172742972