Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

354069

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Саясаттану
  • Психология
  • Экономика
  • Әлемдік экономика

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады; Комитет басшылығының қарауына ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы бөлігінде көші-қон заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар және Басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөнінде жұмыс топтарының жұмысына қатысады; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөнінде ұсыныстар енгізеді; құзыреті шегінде  ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар береді; Басқарманың құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, шағымдарын, өтініштерін, сондай-ақ Басқарманың құзыреті бойынша Министрліктің веб-сайтында орналастырылған мәселелерді уақтылы қарауды қамтамасыз етеді; ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы мәселелері бойынша құжаттарды сапалы және уақтылы дайындауды ұйымдастырады; өз құзыреті шеңберінде Комитет қызметкерлерімен байланыстарды жүзеге асырады; Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды; өз құзыреті шегінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді; Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау жөніндегі материалдар мен ақпаратты дайындайды; мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын Комитеттің мәліметтерін қорғауды қамтамасыз етеді; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды; ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлейді және іске асырады; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде есепке алу және есеп құжаттамасының нысанын, ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы саласындағы әдістемелік ұсынымды әзірлейді; жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру тәртібін әзірлейді; құзыреті шегінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді; ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; қоныс аударушылар бойынша орталықтандырылған деректер базасын қалыптастырады, олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды; Комитет басшылығына ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы бөлігінде реттеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді; ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады; ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы мәселелері бойынша ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді; Комитет басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.01.2026 – 20.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 Мб

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

74-34-26