Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті ақпараттық жүйелерді цифрландыру мен интеграциялауды дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 7 тамызға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Физика және информатика

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органды әзірлеуге және енгізуге қатысу. Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселелері бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу, Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде қамтылған қызметкердің дербес деректерінің құпиялылығын және қорғалуын қамтамасыз ету, әлеуметтік-еңбек шарттарын цифрландыру мәселелері бойынша техникалық регламенттер, стандарттар және өзге де құжаттар қорларын жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру.техникалық регламенттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселелері бойынша стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу, нормативтік құқықтық реттеу, Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру стандарттарын әзірлеу және бекіту. Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру саласында ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу. Министрліктің ресми интернет-ресурсының архитектурасы мен дизайнын жаңартуға және жетілдіруге мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, қорытындыларды дайындауға қатысу. Министрлік пен Департамент басшылығының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері мен шешімдерін басқаруға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.11.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.11.2025 – 11.11.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

87172742972