Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әкімшілік департаменті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512005

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Әлеуметтік жұмыс

Функционалды міндеттер

Басқарманың мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін дайындауды ұйымдастыру және оларды веб-порталда орналастыру жөніндегі қызметіне жалпы басшылық жасау, мемлекеттік сатып алуды уақтылы жүргізу, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген тәсілдермен, мемлекеттік сатып алу жеңімпаздарымен уақтылы шарттар жасасу, әлеуетті өнім беруші мен өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын бұзған жағдайда Заң қызметі департаментіне тиісті ақпарат пен материалдарды ұсыну, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік және консультациялық көмек көрсету, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қаржылық және экономикалық негіздеме бөлігінде қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, хаттарды, ұсыныстарды, өтініштерді, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарауды қамтамасыз ету, құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара ісқимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.09.2025 – 09.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

87172742972