Мемлелекеттік және салаллық бағдарламалар

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

Әзiрлеу үшiн негiздеме    

Қазақстан Республикасының Президентi – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы

Әзiрлеуге және  іске асыруға  жауапты
мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мақсаттарға, нысаналы
индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер    
көрсеткiштерiне қол          жеткiзуге жауапты           
мемлекеттiк және өзге де органдар           

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Бағдарлама мақсаты

Жұмыспен  тұрақты және нәтижелi қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу  арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу

Бағдарламаның мiндеттерi 

Экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігін болжау тиімділігін қамтамасыз ету;

Жұмыс (тұрақты, уақытша) орындарын құруды жоспарлауды үйлестіру;

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал үшін ғаламдық дағдарыстың ықтимал теріс салдарын төмендету және экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз ету;

Кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;

Облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру;

Жұмыс істейтін жастардың ұтқыр бөлігінің бейімделуі және өмір сүруі үшін жағдай жасау;

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру,   олардың мәртебесін заңдастыру;

Әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейту, масылдықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру.

Бағдарламаны iске
асыру мерзiмi және кезеңдерi

1-кезең – 2013 – 2015 жылдар

2-кезең – 2016 – 2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар      
                    

      

Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған мiндеттердi iске асыру
барысында мынадай нәтижелерге қол жеткiзу жоспарланып отыр:

2016 жылға қарай:

кедейлiк деңгейi 6 %-дан аспайтын болады;

жұмыссыздық деңгейi 5,0 %-дан аспайтын
болады;

өзін-өзі жұмыспен қамтыған  халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен
қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды.

2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.

Қаржыландыру көздерi және көлемі    

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын iске асыруға республикалық бюджетте:

2013 жылға – 104, 9 млрд. теңге;  

2014 жылға – 100,6 млрд. теңге;

2015 жылға – 98,7 млрд. теңге көзделген.
Келесi жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттi тиiстi жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

 Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысының № 01-7.8 хаттамасы

Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны жалпы үйлестіру

 Мақсаты

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту

 Міндеттері

1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.

2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.

3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.

5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

7. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

Іске асыру мерзімдері 

2017 – 2021 жылдар

 Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау жолымен 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

1. жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады (2016 жылғы 3-тоқсан – 4,9 %);

2. жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 % (2016 жылғы 3-тоқсан – 27 %);

3. өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі – 10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 16 %);

4. белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды  (2016 жылғы 3-тоқсан – 1 241 мың субъекті)

Қаржыландыру көздері және көлемі

1. республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат:
2017 – 40 295 647 мың теңге;
2018 – 40 664 637 мың теңге;
2019 – 41 540 291 мың теңге;

 

2.    жалпы сипаттағы  трансферттердің есебінен бөлінетін қаражат:

2017 – 45 038 436 мың теңге;

2018 – 45 391 093 мың теңге;
2019 – 45 453 119 мың теңге

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба

 Әзірлеу үшін негіздеме

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес ағымдағы жылдан бастап экономиканың басым салалары бойынша ұлттық жобаларды іске асыру басталды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің VII шақырылымының бірінші сессиясының ашылуындағы 2021 жылғы 15 қаңтардағы тапсырмасы

Ұлттық жобаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісу бойынша), жергілікті атқарушы органдар, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ЭЭҚРҚО" АҚ (келісу бойынша), "Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті" КеАҚ (келісу бойынша), "Астана" халықаралық қаржы орталығы (келісу бойынша).

 Мақсаты

Кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету:
- халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту;
- экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену;
- кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту.

 Міндеттері

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыреті шегінде:

1. Жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жұмыссыздарды оқу ұйымдарында оқыту.

2. "Бастау Бизнес"жобасы шеңберінде оқудан кейін жеке ісін ашқан адамдардың үлесін ұлғайту.

3. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту.

Іске асыру мерзімдері 

2021 – 2025 жылдар

Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және / немесе сандық мәнде)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыреті шеңберінде Ұлттық жобада қойылған міндеттерді орындау жолымен 2025 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

1. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту – 3,5 млн адам;

2. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқы үлесінің азаюы – 6,5%.

Қаржыландыру көздері және көлемі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыреті шеңберінде республикалық бюджеттен