АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ
Жобаны іске асыру бағыттары
Жоба өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметін еңбек және халықты әлеуметтіңк қорғау салаларында жүзеге асырады. Жобалық офистің негізгі бағыттары: 1) жұмыспен қамту; 2) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; 3) мүгедектерді әлеуметтік қорғау; 4) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; 5) жекелеген санаттарға әлеуметтік көмек; 6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; Жобалық офис өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Жобалық бюро туралы ережені, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
Көрсетілген бағыттар шегінде мынадай міндеттер көзделген:
1) Сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау:
- қолданыстағы НҚА талдау және жетілдіру;
- ішкі және сыртқы бизнес процестерді талдау, оларды оңтайландыру;
- ұйымдастыру-басқару қызметін талдау.
2) Бизнес процестердің ашықтығын қамтамасыз ету:
- заманауи цифрлық технологияларды енгізу;
- адами факторды жою.
3) Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру:
- консультативтік-кеңесші органды қалыптастыру;
- Министрліктің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу.
4) Сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру:
- қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту;
- азаматтармен ақпараттық жұмыс жүргізу;
- ұжымдарда парасаттылық қағидаттарын енгізу.
Жобаны іске асыру мерзімі
Жобаны іске асыру мерзімі: 2020 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы шілдеге дейін.
Жоба Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты ілеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы бірлескен шешімімен ұзартылуы мүмкін.
Жобаны ұзарту не оны тоқтату туралы шешім 2020 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей қабылданады.
Жобаны кадрлық қамтамасыз ету
Жобалық команда Жобаның іске асырылуын қамтамасыз етеді. Министрліктің жауапты хатшысы Жобаның кураторы болып табылады.
Жобалық кеңсенің басшысы - Министрліктің мүшесі болып табылмайтын және нормативтік-құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу және жоба бағытындағы мәселелерді шешу тәжірибесі бар қоғам қайраткері. Оның тағайындалуы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысы бойынша министрдің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Жоба қызметін үйлестіру және ұйымдастыру Жоба жетекшісіне жүктеледі (Министрліктің аумақтық департаменттерінің жанында Жобаның өкілдері болуы тиіс).
Жоба жетекшісі Министрліктің не Комитеттердің жауапты лауазымды адамдарының ішінен саны кемінде 3 адамнан тұратын Жобалық команда құрамын қалыптастырады.
Жоба жетекшісі мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында міндетті оқудан өтеді.
Жобаның қызметін қаржыландыру
Жобалау кеңсесі Министрліктін ғимаратында – Нұр-Сұлтан қ., Мәнгілік Ел, 8 үй мекенжайында (Рұқсаттама бюросындағы Азаматтарды қабылдау бөлмесі) орналасқан.
Жобаның қызметін қаржыландыру, көлік шығындарын, ұйымдастыру техникасын, кеңсе тауарларын және басқа да шығын материалдарын төлеуді қоса алғанда, Министрлік есебінен жүзеге асырылады.
Жобаның басшысы мен қызметкерлеріне жалақы негізгі жұмыс орны бойынша төленеді. Оларға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда және ҚР Еңбек Кодексінде көзделген әлеуметтік кепілдіктер сақталады.
Жобаның қызметін басқару
Жобаның салалары мен бағыттары бойынша жұмысты Жобалық команда нақты тапсырмалар мен орындау мерзімі көрсетілген Жобалар жоспарының негізінде қамтамасыз етеді.
Жобалық команданың Жобалар жоспарын Жоба кураторы бекітеді.
Жоба жоспарында жобаның ұйымдық құрылымы, мүдделі тараптар мен олардың коммуникация тәртібі, жауапкершілік матрицасы, күнтізбелік жұмыс кестесі, тәуекелдерді басқару стратегиясы және өзге қарастырылады.
Жоба жоспарында көзделген жұмыстар мен операциялар SMART өлшемшарттарына сәйкес болуы (нақты, өлшемді, қолжетімді, өзекті) және уақытша мен ресурстық шектеулерді ескеруі тиіс .
Жоба жанында қоғамдастық, бизнес қауымдастық, БАҚ және басқа Жоба стейкхолдер өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес құрылады.
Жоба күнделігі тұрақты негізде жүргізіледі.
Жоба жетекшісі Агенттікке Жобаның нәтижелерін айына бір рет ұсынады.
Жобалық команда ұсыныстар жинағын қамтамасыз етеді, идеялар тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.
Жоба кураторы Жобалық команданың ұсыныстарын кемінде айына бір рет қарастырады.
Әр ұсыныс бойынша Жобалар жоспарына енгізу, басқа ұсыныстармен біріктіру немесе бас тарту туралы шешім қабылданады.
Жобалық команда идея авторларымен олардың ұсыныстарын қарау жөнінде тұрақты негізде байланыста болады.
Жоба қызметін ақпараттық сүйемелдеу БАҚ, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы тұрақты негізде қамтамасыз етіледі.
Жобаны іске асыру тиімділігін бағалау және лауазымды адамдардың жауапкершілігі
Жобаны іске асыру тиімділігін бағалау өңірлер бөлінісінде сыбайлас жемқорлық ахуалы туралы қоғамдық пікірді сипаттайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін анықтау жөнінде социологиялық зерттеулердің қорытындыларына негізделеді.
Жобаны іске асыру тиімділігін бағалау үшін жауапкершілік оның жетекшісіне және Кураторға жүктеледі
Жоспардың орындалуы жөнінде ақпарат
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Адалдық алаңы» жобасы Жарғысының негізгі міндеттерін орындау бойынша іс – шаралар жоспары (бұдан әрі-іс-шаралар жоспары) шеңберінде сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау үшін нормативтік құқықтық актілерге мониторинг бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Уәкілетті органға өз қалауы бойынша әрекет ететін дискрециялық өкілеттіктерді болдырмау мақсатында Қағидалардың 24 және 25-тармақтары (24-тармақ негіз болған жағдайда уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, оның ішінде олардың ақпараттық жүйелерінің дұрыстығын тексереді; 25-тармақ негіздер болған жағдайда уәкілетті орган Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен ЭІМ-ді салыстырып тексеру үшін қағаз жеткізгіштегі іс макетін сұратады;) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген, Алып тасталды-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.08.2019 № 443 Бұйрығымен.
Бұдан басқа, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Комитет) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді уақтылы анықтау және анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жалғастыруда.
Оны жүргізу барысында комитеттің құзыретін қозғайтын және қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілер талданады департаменттерге қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, жеке және заңды тұлғалардың Комитетке және аумақтық департаменттерге келіп түскен өтініштері, сот актілері, көрсетілетін қызметті алушыларға сауалнама жүргізу нәтижелері.
Комитеттің аумақтық департаменттерінің бекітілген ережелеріне сәйкес олардың негізгі функцияларының бірі зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, Міндетті әлеуметтік сақтандыру, өкілеттік шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы мемлекеттік саясатты іске асыру, зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін олардың себептерін, мерзімдерін, басталу уақытын айқындай отырып белгілеу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі-үлгілік қағидалар), сондай-ақ оларды жүргізу жөніндегі практикалық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша;
- қызметкерлер арасында Департамент қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің нормалары мен талаптарын түсіндіру бойынша жүргізілетін жұмыстар бойынша;
- персоналды басқару мәселесі бойынша.
1 жарты-жылдықта атқарған қызметі туралы есеп
1 жарты-жылдықта атқарған қызметі туралы есеп
ҚР Еңбек және халыққа әлеуметтік қорғау министрлігінің
әдеп жөніндегі уәкілінің
1 жарты-жылдықта атқарған қызметі туралы
Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Әдеп жөніндегі уәкілдер (бұдан әрі – Уәкілдер) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекетік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Уәкілдер туралы, оның ішінде олардың тегі, аты-жөні, кабинеті мен телефон нөмірлері туралы мәлімет Министрліктің интернет-ресурсында, Рұқсаттама бюросының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде, сондай-ақ көпшілік назарына арналған ақпарат орындарында орналастырылған.
2020 жылға арналған жоспар шеңберінде ағымдағы жылғы 26 ақпанда Министрлікке мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған қызметкерлермен (10 қызметші) семинар өткіздім. Семинар барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарына, мемлекетттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарына, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киіміне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлқына қатысты слайдтар көрсетілді. Бұдан басқа мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылына қатысты мәселеге тоқталып, осы тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.
Менің 2020 жылға арналған іс-сапар жоспарым бекітілмегендіктен, Комитеттің аумақтық департаменттеріне бару мүмкіндігі болмады.
А.ж 5 наурызда Нұр-Сұлтан қ. бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңы талаптарының, Әдеп нормаларының сақталуы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және оның алдын алу шаралары тақырыбында семинар өткіздім. Семинарға Департаменттің 27 қызметкері қатысты.
Сонымен бірге есепті кезеңде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттері қызметкерлерінің, әдеп жөніндегі уәкілдерінің және департамент басшыларының қатысуымен ZOOM байланысы арқылы семинар жүргіздім:
- 2020 жылғы 4 маусымда - Қарағанды, Қостанай облыстары;
- 2020 жылғы 8 маусымда – Атырау, Батыс Қазақстан облыстары;
-2020 жылғы 11 маусымда – Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы бойынша департаменттері.
Семинар барысында Әдеп кодексінде белгіленген мінез-құлық стандарттарын сақтау мен парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мәселелер талқыланды. Сонымен бірге Департаменттерде медициналық сараптама бөлімдерінің қызметіне қатысты көптеген мәселелер туындауына байланысты, семинар жұмысына Комитеттің медициналық сараптама бөлімінің қызметкері де тартылды.
Сонымен қатар 2020 жылғы 16 маусымда Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен онлайн –семинар өткіздім. Семинарда әдеп жөніндегі уәкілдің ағымдағы жылғы атқарылған жұмыстары мен 2-жартыжылдыққа қойылған міндеттері туралы баяндамасы тыңдалды. Департаменттегі мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын сақтауы туралы және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық бұзушылықтары үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы Департаменттің заңгер маманы баяндады. Сонымен бірге Департаменттің ұйымдастырушылық бақылау бөлімінің маманы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын сақтау мен электрондық құжатайналымын пайдалану тәртібін түсіндірді.
Жалпы, жүргізіліп жатқан семинарлардың мақсаты кәсіби біліктілікті тұрақты арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және нәтижелі қарау бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қабылданатын шешімдердің ашықтығын және айқындылығын қамтамасыз ету болып табылады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасын іске асыру шеңберінде аумақтық депратаменттерінің уәкілдері бекітілген жоспарларына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарғанын атап өткен жөн. Мәселен, Қостанай облысы бойынша департаментінде ұйымдастырылып тұратын спорттық іс-шаралар, ұйым қызметкерлерінің мемлекеттік байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуы ұжымда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстың басым екендігін көрсетеді.
2020 жылғы 3 ақпанда Маңғыстау обылысының Департамент қызметкерлеріне әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша отырыс өткізілген.
2020 жылғы 17 сәуірде Атырау облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілер мораліне жағымсыз ықпал ететін ерекшеліктер турлы оқу дәрісі өткізілді.
2020 жылғы 27 мамырда Жамбыл облысы бойынша департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар шеңберінде «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында уәкілдің ұйымдастыруымен Департаменттің басшысының төрағалығымен отырыс өткізілді.
Жалпы, аумақтық департаменттердің әдеп жөніндегі уәкілдері мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізуде. Жүргізілген іс-шаралар туралы 1-жартыжылдығы бойынша жіберген есептерінен көруге болады.
2020 жылдың 1-жартыжылдығында Уәкілдерге жеке консультация алу үшін 357 азамат, оның ішінде 112 мемлекеттік қызметші мен 197 жеке тұлға жүгінген. Олардың барлығына көтерген мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, 259 азаматқа жеке қабылдау ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілері бойынша 13 шағым келіп түсті. Соның ішінде шағымдар Миистрліктің қызметшілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан және және басқа көздерден келіп түскен өтініштер – 4.
Аумақтық департамент қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне байланысты - 8 (Қостанай-1, Жамбыл - 1, Ақмола облысы - 1, Алматы қаласы - 1, Шымкент қаласы – 1, Атырау -1, Алматы обл-2) шағым келіп түсті.
Есепті кезеңде Уәкілдер Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша 486 түсіндірме жұмыстарын жүргізді, оның ішінде 100-ден астам дәріс пен семинарлар өткізілді және БАҚ-та және интернет ресурстарында 300-ден астам баспалы мақалалар мен материалдар жарияланды.
Уәкіл туралы ереженің 3-тармағының 10-тармақшасына сәйкес, қызмет әдебі нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалға мониторинг жүргізу мақсатында 676 мемлекеттік қызметші арасында анонимдік сауалнама жүргізілді. Талдау нәтижесі Министрліктің және аумақтық департаменттердің ұжымдарында моральдық-психологиялық ахуалдың тұрақты екенін көрсетті.
Аумақтық департаменттерде Адалдық алаңы жобасы шеңберінде іс-шаралар жоспары бекітілген (Қарағанды, Қостанай). Алдағы уақытта аумақтық департаменттердің әдеп жөніндегі уәкілдерімен осы жобасы шеңберінде атқарылып жатқан іс-шараларды талқылау және тәжірибе алмасу бойынша ZOOM байланысы арқылы онлайн- отырыстар өткізу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік органдардың «және «сервистік» форматқа жұмыс істеуге көшу тәжірибесін таратуға қатысты хатына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында сала ерекшеліктерін ескере отырып сұратылған ұсыныстарға аумақтық департаменттерден жауаптар келіп түскенін хабарлаймын. Департаменттердің әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру бөлімдері (Нұр-Сұлтан, Алматы қ. Шымкент қ.) «open space» форматында жұмыс істейді.
Жалпы, Департаменттерден келіп түскен жауаптарға сәйкес қазіргі уақытта медициналық-сараптама функцияларына қатысты, сонымен қоса департаменттердің теңгерімінде жеке ғимараттарының болмауы себебінен заманауи талаптарға сай ашық кеңістікке көшу мүмкіндігі жоқ екендігі белгілі болды.
Сонымен бірге, интернет-сайттарда мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін материалдар жариялайтын Министрлік қызметкерлерін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Есепті кезеңде жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтік желілерде Министрліктің мемлекеттік қызметкерлерінің әдепсіз мінез-құлық таныту фактілері анықталған жоқ.
2020 жылғы 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша әдеп жөнінде нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған қызметкерлер мен мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары үшін жұмыстан босатылғандар болған жоқ.
2020 жылғы 9 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында АДАЛ КӨМЕК жобасы шеңберінде ақпараттық ағартушылық штабының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Бірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметовпен Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде онлайн сұхбаттасу өтті.
Сұхбаттасу барысында қозғалған мәселелер:
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі;
Лауазымның артықшылығы ерекшеліктері ;
Карантин кезінде атқарылған жұмыстар және алдыға қойылған міндеттер;
Аникор бағытындағы жұмыстар;
Мемлекеттік қызметшінің адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім принциптері.
Қазақстан Республикасында ТМД елдерінің ең алғашқысы болып 2005 жылы Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі бекітілді.
Сол кезден бастап, мемлекеттік қызметте жаңа принциптер мен қарым қатынастың жаңа жүйесі қалыптасты.
Уақыт пен заман талабының өзгеруіне байланысты, 2015 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қабылданды және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдер өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекетік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Қазіргі уақытта кез келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың әл-ауқатын арттыруға арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқарады.
Бұл ретте біздің басты міндетіміз, мемлекеттік қызметші ретінде – азаматтардың сенімін ақтау болып табылатынын ұмытпауымыз керек.
Азаматтардың сеніміне, күнделікті еңбекпен және әдеп нормаларының жоғарғы стандарттарын сақтау арқылы ғана қол жетікізуге болады.
Халқымызда «Билігі мықты елдің - тірлігі құтты болар»- деген асыл сөзі бар.
Осы тұрғыда мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – өзінің туған Отанына және мемлекетіне адал қызмет ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш–тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру тұжырымдамасын іске асыру турлы тапсырма берілгені баршамызға белгілі. Бұл ретте, халықтың өтініш тілектерін орындауда мемлекеттік қызметшілер маңызды рөл атқарады.
Кәсіби мемлекеттік аппарат мемлекеттік қызметшінің жоғары біліктілігіне негізделсе, халық үнін тыңдай білу лауазымды адамдардың өзі ісіне деген үлкен жауапкершілікті сезінуіне байланысты болады.
Лауазымның артықшылығы мен ерекшеліктері.
Моральдық-әдептілік құндылықтарды жоғарылатудың тағы бір құралы Әдеп жөніңдегі уәкілдер институты болып табылады.
Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындықтан, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
- мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
- өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
- ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
- сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді, сонымен бірге өз құзіреті шегінде басқа да қызметті атқарады.
Атқарылған жұмыс, карантин кезіндегі қызмет, алдағы жоспарлар
Біздің Министрлік азаматтардың еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы конституциялық кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен бастап, еліміздің Президенті Қасымжомарт Тоқаев халыққа әлеуметтік қолдаудың шараларын көрсету бойынша тапсырмалар берді. Ол зейнетақыны арттыру, табысынан айырылған жағдайда жәрдемақы төлеу, кредиттерге отсрочка беру, коммуналдық қызметтерді төлеуге өтемақы, азық түлік топтамалары және тағы басқа ілеуметтік қолдау шаралары,
Елімізде Короновирус инфекциясының таралуына байланысты төтенше жағдай режимі кезеңінде 4 жарым миллионнан астам қазақстандықтар 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алып, 1 миллионнан астам адам азық түлік топтамаларымен қамтамасыз етілді.
ТЖ кезінде 108 мыңнан астам отбасына атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалды. Сондай-ақ, осы кезеңде мүгедектік және мүгедектік бойынша төлемдер автоматты түрде 3 айға ұзартылды.
2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмысын жетілдіру бойынша шаралар кешені әзірленді.
Ал, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметіне келетін болсақ, негізінен біздің Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінде Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған 18 мемлекеттік қызметшіге жүктелген. Аумақтық департаменттерлің уәкілдерімен қызметтік қарым-қатынас орнатылған. Әсіресе қазір технологияның дамыған уақыты, соны пайдалана отырып, онлайн – семинарлар, кеңестер өткізіп тұрамыз.
Семинар барысында Әдеп кодексінде белгіленген мінез-құлық стандарттарын сақтау мен парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мәселелер, сонымен бірге мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар талқыланады.
Жалпы, осындай семинарларды өткізудің мақсаты кәсіби біліктілікті тұрақты арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және нәтижелі қарау бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қабылданатын шешімдердің ашықтығын және айқындылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Аумақтық департаменттердің уәкілдері «Рухани жаңғыру» жобасы шеңберінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасын іске асыру аясында бекітілген жоспарларына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарғанын атап өткен жөн. Мәселен, департаменттерде ұйымдастырылып тұратын түрлі спорттық іс-шаралар, ұйым қызметкерлерінің мемлекеттік трапынан ұйымдастырлыған байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуы ұжымда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстың басым екендігін білдіреді.
Антикор бағытындағы жұмыстар.
Қазіргі уақытта кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны баршамызға белгілі.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін дерт.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы індетпен күресу болып табылады.
Бастамасы тарихи тереңнен қалыптасқан сыбайлас жемқорлық бүгінгі күні бүкіл әлем қоғамдастығына қаупін төндіруде.
Біздің елімізде де бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекетіміздің негізгі міндетіне айналды.
Әлемдік тәжірибеде байқалғандай, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресіп, оны мемлекеттің моральдық-адамгершілік ұстанымдары мен экономикасының дамуына қатер төндірмейтіндей деңгейге жеткізуге болады.
Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі осы бағытта өте нақты да ауқымды жұмыстар жүргізуде. Агенттіктің басшысы ағымдағы жылдың басында өткен ведомствоның алқа мәжілісінде қазақстандықтардың 68 пайызы агенттікке сенеді және парасаттылық пен белсенді қоғамды конструктивті келіссөз бен тиімді серіктестік негізінде ғана құруға болады деді. Сондықтан Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды өңдеуге және оның іске асырылуына азаматтық қоғамдастықты жаппай тартуға шақырады.
Агенттік ұсынған тиімді жобалардың біріне тоқталып өтсем.
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының
87-тармағын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен мемлекеттік органдарда «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін ашу ұсынылған болатын.
Жобаның негізгі мақсаты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда клиентке бағдарланған ортаны құру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау әрі жою болып табылады.
Сонымен бірге, Жобаның тұжырымдамалық негізі мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау және парасаттылық мәдениетін ілгерілету контекстінде қоғамдық бақылауды пәрменді іске асыруды қамтамасыз ету, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып белгіленді.
Антикордың бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде Адалдық алаңы жобалық офистері ашылып, әрбір салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осы бағытта мыңдаған волонтерлердің, қоғамдық өкілдердің қатысуымен өзекті әлеуметтік мәселелердің шешілуіне байланысты өзекті де масштабты шаралар өткізілуде. Белгілі қоғам өкілдерінен құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық штабтар өз жұмыстарын еліміздің барлық өңірлерінде жүргізуде.
Мәселен қазіргі уақытта өкінішке орай, елімізде орын алған өте өзекті мәселелердің бірі дәрі – дәрмектің қымбаттауы, жетіспеушілігі. Осы түрғыда халықтың наразылығы өршіп, бұқаралық ақпарат құралдарында, фейсбук, инстаграмм парақшаларында ол туралы көптеген жазбалар орын алуда. Аталған мәселелерге қатысты Республикалық Адалдық алаңы жобалық офисінің басшысы Антикорлайфта берген сұхбатында орын алған фактілер туралы азаматтардың дереу хабарлауы бойынша және өз тараптарынан бағаларды мониторингтеу жұмыстарын жүргізетіні, және белсенді азаматтардың көмегімен тәртіп орнататыны туралы айтты.
Бүгінгі таңда Жобалық кеңсе өзінің тиімділігін дәлелдеуде. Бұл ретте біздің Министрлікте де құрылған Жобалық кеңсе жүргізіп жатқан жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру үшін, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында Антикордың ұсынысымен Жобалау офисінің басшысы лауазымына қазіргі уақытта танымал, жасына қарамастан азаматтық позициясымен көзге түсіп жүрген «Даир» қоғамдық қорының бас директоры, ҚР Үкіметі жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі үйлестіру Кеңесінің жетекшісі белсенді қоғамдық өкіл Сүлейменов Амирді тағайындау туралы шешім қабылданды.
Осы бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.
Осыған байланысты 2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.
Осы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Аталған Стратегия мемлекетіміз бен қоғамның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын жан-жақты қамтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәйекті шаралар кешенінің әзірленуін және жүзеге асырылуын көздеуге, бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуды қамтамасыз етуге, қазақстандық азаматтардың осы әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастырады деген сенімдеміз.
Қазіргі уақытта осы стратегияны іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленуде. Осы жоспарға біздің Министрлік тарапынан Қызмет алушының қызмет көрсетушімен бетпе-бет жүздесуін болдырмау үшін мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекел деңгейін төмендету мақсатында «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің интереперабельді платформасымен интеграциялау және сырттай куәланлыруға енгізу туралы ұсыныс берілген болатын.
Ағымдағы жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында осы ұсынысқа қатысты хаттамамен бірқатар тапсырмалар берілді.
Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ашықтық қағидаты өте маңызды деп санаймын. Бұл ретте әділдік, сенім және парасаттылық құндылықтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылына негізделеді.
Парасаттылық идеологиясын қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы табыстың негізгі факторы болып табылады.
Мемлекеттік қызметшінің адалдық, әділдік, парасаттылық, сенім принциптері.
Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең басты тірегі мен тіреуі, оның алға қойған мақсаттары мен саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметші екені белгілі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Сондықтан да елдің Туын тік көтеріп, мәртебесін асыратын, абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – бұгінгі күні мәртебелі міндет.
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату болса, Мемлекеттік қызметші - әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы екені белгілі. Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.
Мемлекеттік қызмет – әрқашанда халықтың көз алдында. Қызметте ме, әлде қызметтен тыс уақытта ма – мемлекеттік қызметші әрқашан халықтың назарында екенін ұмытпауымыз керек.
Халық арасында «Ақылың болса арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта» деген асыл сөздері бекер айтылмаған болар.
Бүгінгі күні, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі, кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудағы ең басты қағидаттардың бірі ретінде қабылданады.
Себебі, мемлекеттік қызметші кәсіби құзыретті маман ғана емес, сонымен қатар қызмет бабында, азаматтармен қарым қатынаста, өмірде реттей алатын жаңа формациялы мемлекеттік қызметші болуы керек деп ойлаймын.
Қазіргідей күрделі кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер екендігін ескерсек, бұл тұрғыда мемлекеттік қызметшілер басқаларға өзінің ісімен, біліктілігімен, тәжірибесімен ғана емес, әділдігімен, қарапайымдылығымен, парасаттылығымен, отан сүйгіштігімен, қызметтегі күш қайратымен кез-келген ортада үлгі болып, жоғарыда аталған принциптерін ұстану керектігі басты орында тұруы керек.
Әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама философ Әл Фараби «Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деген.
Сондықтан осындай тамаша қасиеттерді бойымызға дарытып, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші деген мәртебелі міндетке ие бола берейік.



23 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілер күні.
Бұл атаулы күннің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымынан
бастау алады.
2002 жылғы 20 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның мемлекеттік
қызметшісі күні деп жариялау қарарын қабылдап, оған мүше
әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге
шақырды.
2013 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
Президентінің №716 қаулысымен 23 маусым - Мемлекеттік
қызметші күні болып бекітілді.
Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Қазақстан
Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру
жоспары ретінде ерекше маңызға ие болғаны белгілі.
2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен 23 маусым мемлекеттік
қызметшілердің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтуде. Осы
мерекенің мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің беделін
көтеру, бұқара халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін
арттыру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік
басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын
мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Өз кезегінде,
мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың
абыройын асырып, асқақтату болып табылады.
Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни
мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке
деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік
қызметшіден басталады.
Мемлекеттік қызметші - әрбір өркениеттің өріне қадам
бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен
саясатын алға апарушы екені белгілі. Кез келген қоғам
мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз
әрекет етуі мүмкін емес.
Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын
асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – мәртебелі міндет.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
2020 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жаңадан
қабылданған мемлекеттік қызметшілермен ZOOM байланысы
арқылы онлайн-семинар өткізілді. Семинарға Министрліктің
орталық аппаратының және Еңбек, әлеуметтік қорғау және
көші қон комитетінің 22 қызметкері қатысты.
Семинар барысында «Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары, сондай-ақ мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу бойынша шаралар туралы мәселелер талқыланады. Сонымен бірге слайдтар,
бейнероликтер көрсетілді.
https://www.youtube.com/watch?v=j7AsIyjaMtg
https://www.youtube.com/watch?v=WzgQ2e9zvAs&t=9s
https://www.youtube.com/watch?v=AK8PT975Sew&list=PLvN9UMfEpeukxUJzXbCLCmw3lWTBlSaye&index=4
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылға арналған «Адалдық алаңы» шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылға арналған «Адалдық алаңы» шеңберінде
жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
|
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдайтын адамның аты жөні |
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдайтын адамның лауазымы |
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау уақыты және мерзімі |
Мемлекеттік орган мекен жайы |
Байланыс телефон |
Сұрақ санаты |
|
МӘС басқармасы |
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті |
6 сәуір 2021 жыл сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін |
Мәңгілік ел 8, 6-шы кіреберіс |
74-33-02 74-37-23 74-36-03 |
Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша (мүгедектік тағайындау, оңалту, ЖОБ және т.б.) |
|
Әлеуметтік қорғау сұрақтары басқармасы |
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті |
13 сәуір 2021 жыл сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін |
Мәңгілік ел 8, 6-шы кіреберіс |
74-34-73 74-37-23 74-36-03 |
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету кезінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша |
|
Зейнетақы және әлеуметік қамтамасыз ету басқармасы |
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті |
20 сәуір 2021 жыл сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін |
Мәңгілік ел 8, 6-шы кіреберіс |
74-34-95 74-37-23 74-36-03 |
Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер сұрақтары бойынша |
|
Еңбек заңнамасын бақылау басқармасы
|
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті |
27 сәуір 2021 жыл сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін |
Мәңгілік ел 8, 6-шы кіреберіс |
74-36-33 74-37-23 74-36-03 |
Еңбек заңнамасындағы мәселелер бойынша (жұмыстан заңсыз босату, жалақы бойынша қарыз және т.б.) |
|
Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы |
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті |
4 мамыр 2021 жыл сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін |
Мәңгілік ел 8, 6-шы кіреберіс |
74-34-93 74-37-23 74-36-03 |
Еңбек жағдайларын бұзу мәселелері бойынша (қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақат, өндірістегі жазатайым оқиғалар) |
|
Атаулы әлеуметтік көмек басқармасы |
Әлеуметтік көмек саясатын дамыту Департаменті |
11 мамыр 2021 жыл сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін |
Мәңгілік ел 8, 6-шы кіреберіс |
74-33-51 74-37-23 74-36-03 |
Атаулы әлеуметтік көмекті төлемеу мәселелері бойынша |
|
МӘС басқармасы |
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті |
18 мамыр 2021 жыл сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін |
Мәңгілік ел 8, 6-шы кіреберіс |
77-33-02 74-37-23 74-36-03 |
Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша (мүгедектік тағайындау, оңалту, ЖОБ енгізу және т.б.) |
|
Әлеуметтік қорғау сұрақтары басқармасы |
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті |
25 мамыр 2021 жыл сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін |
Мәңгілік ел 8, 6-шы кіреберіс |
74-34-73 74-37-23 74-36-03 |
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету кезінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша |
|
Зейнетақы және әлеуметік қамтамасыз ету басқармасы |
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті |
31 мамыр 2021 жыл сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін |
Мәңгілік ел 8, 6-шы кіреберіс |
77-34-95 74-37-23 74-36-03 |
Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер сұрақтары бойынша |
|
Еңбек заңнамасын бақылау басқармасы
|
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті |
1 маусым 2021 жыл сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін |
Мәңгілік ел 8, 6-шы кіреберіс |
74-36-33 74-37-23 74-36-03 |
Еңбек заңнамасындағы мәселелер бойынша (жұмыстан заңсыз босату, жалақы бойынша қарыз және т.б.) |