Мемлекет басшысының Моңғолияға сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасында зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтасатын болады

Мемлекет басшысының Моңғолияға сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасында зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 

Осы Келісім ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде екі елдің аумағында әзірленген еңбек өтілін өзара есепке алуды көздейді.

Бұдан басқа, жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа түрі көзделуде.

 

Қазақстан тарапынан келісімге ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы
28 қазандағы қаулысына сәйкес өзгерістерді ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметінің арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы»
№441 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 маусымдағы қаулысына сәйкес қол қоюға уәкілетті), Моңғолия атынан-Отбасы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Лувсанцэрэнгийн Энх-Амгалан қол қойды.