«Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

«Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 4 шілдедегі           № 14-VIII ҚРЗ Заңының «Кәсіптік біліктілікті танудың тәртібі мен шарттары» 15-бабына және «Кәсіптік біліктілікті танудың ваучерлік жүйесі» 29-бабына сәйкес әзірленген.

Қағидалардың ұғымдық аппараты «үміткер» деген ұғыммен толықтырылған.

«Еңбек нарығы» ААЖ автоматтандырылған процесіне байланысты үміткерді жұмыссыз ретінде тіркеу және (немесе) бір реттік ваучер алу мәніне тексеру рәсімі сұрау салуды жіберудің қажеттілігінсіз автоматты режимде жүргізілетін болады.

Осыған байланысты қағидалардан 4-7-тармақтар алып тасталды, қағидалардың 3, 8-10, 12-тармақтарына үміткерге кәсіптік кеңес беру, өтініш беру мерзімдерін қысқарту, өтініш беруден бас тарту себептері бөлігінде тиісті өзгерістер енгізілді.

Осы жоба жұмыссыздардың сертификаттау рәсімінен өту тәртібін жеңілдету мақсатында енгізіледі.

«Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы бойынша қаржылық шығындар талап етілмейді.