2026–2028 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2026–2028 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттама бойынша түсіндіруді және өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияларды жүзеге асыратын жауапты тұлға – Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Еңбекті қорғау басқармасының басшысы, байланыс телефондары: 8 (7172) 74-35-26, v.murzalina@enbek.gov.kz 

Өтінімдерді және ЖТН-ді тіркеу үшін Сараптама орталығының ақпараттық жүйесімен (www.is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call-орталық: 8-727-222-11-02 (ішкі 201, 203, 204, 205, 207, 208, 210, 211, 213, 214, 216, 218, 219, 221, 226, 229).

Жұмыс уақыты: дс – жм, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Конкурстың басталуы – 2026 жылғы 03 наурыз.