«Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіби стандартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіби стандартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіби стандартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасын әзірленді.
Осы бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты:
1) қызметкерлердің біліміне, икемділігіне, дағдыларына және жеке құзыреттілігіне сәйкес келетін талаптардың еңбек функцияларының жүйелі және құрылымданған сипаттамаларын кәсібі бойынша көрсету мақсатында әзірленген.
2) қызметкерлерді даярлаудың, біліктілігін арттырудың және үздіксіз дамудың мүмкіндіктерінің бағдарламаларының негізін айқындайды.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылған.