«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына пресс-релиз
«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 136-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2023 жылғы 19 сәуірде бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін жіберілді.
2023 жылғы 19 сәуірде бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес мүшелеріне қарау және келісу үшін жіберілді.
2023 жылғы 21 сәуірде бұйрық жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылды. Есеп 2023 жылғы 11 мамырда қалыптастырылды.
2023 жылғы 25 сәуірде бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесіне қарау және келісу үшін жіберілді. Қоғамдық кеңестің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 89 хаттамасымен бұйрық жобасы мақұлданды.