«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін анықтау болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Бұйрық жобасы «Электрон Үкімет» порталының ашық НҚА бөліміне орналастырылды.