«Ата жолы» картасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Ата жолы» картасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленді

«Ата жолы» картасын ұсынудың мақсаты-қазақтардың мәдени мұрасы мен тілінің, тарихының, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, сондай-ақ туыстық, этникалық және тілдік құндылықтарының ортақтығын қолдау.

Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Бұйрық жобасы «Электрон Үкімет» порталының ашық НҚА бөліміне орналастырылды.