«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 және «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтардың жобаларына ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 шілдедегі кодексіне (Салық кодексі) сәйкес келтіру мақсатында «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 және «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді.
Жобада еңбек иммигранттарына рұқсаттарды беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру немесе ұзарту шарттарына және корпорация ішінде ауыстыруды жүзеге асыру тәртібіне жоғарыда аталған тапсырманы орындау бөлігінде өзгерістер енгізу көзделген.
Бұдан басқа, бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 жылғы 14 шілдеде № 183 бұйрығымен бекітілген әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларымен сәйкестендіру мақсатында әзірленген.