«Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 345 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 345 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары негізінде әзірленді.

Бұйрық жобасының мақсаты бірыңғай форматқа келтіру болып табылады.

Бұйрық жобасын қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2025 жылғы 13 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15442236) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2025 жылғы 28 ақпанға дейін.