Еңбекмині мен ХЕҰ өкілдері еңбек дауларын шешу құралдарын жақсарту мүмкіндіктерін талқылады

Еңбекмині мен ХЕҰ өкілдері еңбек дауларын шешу құралдарын жақсарту мүмкіндіктерін талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) мен Халықаралық еңбек ұйымымен (бұдан әрі – ХЕҰ) бірге ХЕҰ тарапынан Қазақстанға техникалық қолдау көрсету шеңберінде ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу жөніндегі комиссиялар жұмысының тиімділігін бағалау жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді. Екі күндік жұмыс барысында халықаралық сарапшылар жұмыс тобының мүшелерінен сұхбат алып, ұжымдық еңбек дауларын реттеудің тиімділігін жақсарту бойынша ұсыныстар берді.

Еңбекмині құрған жұмыс тобы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардың өкілдерінен, сондай-ақ еңбек дауларын шешуге тікелей қатысатын қызметкерлер мен жұмыс берушілерден құралған.

ХЕҰ сарапшылары ақпарат жинау құралы ретінде ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі органдар жұмысының тиімділігін бағалаудың 13 критерийі бойынша 100-ден астам сұрақтан тұратын мына арнайы сауалнаманы пайдаланды:

- ұтымдылық;

- жылдамдық;

- ашықтық/есеп беру;

- қол жетімділік;

- тәуелсіздік;

- бейтараптық;

- әділдік;

- теңдік;

- кәсіпқойлық;

- құқық қолдану;

- еріктілік;

- құпиялылық;

- алдын алу / ескерту.

Сұрақтарға жауаптар жұмыс тобы мүшелерінің алқалы шешімімен қабылданды.

Жауаптардың негізінде ХЕҰ сарапшылары еңбек дауларын реттеу құралдарын жақсарту бойынша, оның ішінде халықаралық тәжірибе негізінде талдау жүргізіп, ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастырды.

Келесі кезеңде жұмыс тобы ХЕҰ сарапшыларының ұсынылған ұсынымдарын қарастырады және осы бағыттағы келесі қадамдарды анықтайды.