2022 жылғы 1 ақпанда онлайн-форматта ТМДА-ға мүше мемлекеттердің жұмыс тобының отырысы өтті

2022 жылғы 1 ақпанда онлайн-форматта ресей тарапының төрағалығымен 2017 жылғы 17 наурыздағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ еңбек нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыру және жұмыс күшінің көші-қонын реттеу тұжырымдамасын өзектендіру және оны Іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жұмыс тобының отырысында мүдделі тараптардан тұжырымдаманы өзектендіру бойынша келіп түскен ескертулері мен ұсыныстары, сондай-ақ осы құжатты өзектендірудің ықтимал бағыттары бойынша тұжырымдамалық тәсілдер мен ұсыныстар қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша сарапшылардың келесі отырысын 2022 жылғы сәуірде қазақстандық тараптың төрағалығымен өткізу туралы шешім қабылданды.
Қызмет бағыты