А. Ертаев АҚШ Сауда өкілі көмекшісінің орынбасары О. Латчинмен кездесті

А. Ертаев АҚШ Сауда өкілі көмекшісінің орынбасары О. Латчинмен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев АҚШ Сауда өкілі кеңсесінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Оля Латчинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және салалық кәсіптік одақтардың қызметі мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ АҚШ Сауда өкілінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша кеңсесінің қызметкерлері қатысты.

Өз сөзінде Асқарбек Ертаев Қазақстанда қолданылатын жұмыс берушілерді жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізудің қағидаттары мен тәртібі, еңбек заңнамасының жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және кәсіптік одақтардың қызметі бөлігіндегі ерекшеліктері туралы баяндады.

Сондай-ақ ол ведомство тарапынан «Кәсіптік одақтар туралы» заң нормаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта заң жобасы әзірленуде, оның шеңберінде жергілікті кәсіптік одақтарға қатысты бірқатар толықтырулар енгізу, ұғымдардың нақтылығын арттыру, кәсіптік одақтың мәртебесін (республикалық, салалық, аумақтық) растау және басқа да мәселелер бойынша түзетулер көзделіп отыр.

Өз кезегінде Оля Латчин жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және кәсіптік одақтардың қызмет ету еркіндігін қамтамасыз ету саласында ұлттық заңнаманы өзектендіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.